БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қазақстанға ресми сапармен келді

Антониу Гутерриш Алматы мен Астанада болып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен және БҰҰ қызметкерлерімен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің мәліметінше, бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылған.

Ол ШЫҰ Плюс сессиясында сөз сөйлейді.

Бұл Бас хатшының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқы ресми сапар 2017 жылы болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы