БҰҰ аясындағы халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенция ратификацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент  «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген  халықаралық  татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген  халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы