БҰҰ Ауғанстанда қалады – Гутерриш кеңсесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰ АҚШ әскері мен оның одақтастары шығарылғаннан кейін Ауғанстанда гуманитарлық операцияларды жалғастырады. Бұл туралы брифингте ұйымның бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Ауғанстандағы біздің гуманитарлық әріптестеріміз бүгінде (шетелдік) әскерлер азайған кезде, БҰҰ елде қалуға міндеттенгенін айтады. Медициналық және гуманитарлық тауарларды жеткізу бойынша операциялар жалғасуда, бірақ қосымша ресурстар қажет, – деді Дюжаррик.
Оның айтуынша, БҰҰ Ауғанстанның басым бөлігінде гуманитарлық операцияларды қолдауды жалғастыруда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы