Бүгiн 2026, 02:34
Фото: Evelyn Hockstein / Reuters
БҰҰ: АҚШ пен Қытай келіссөздері шиеленісті төмендетуі мүмкін
АҚШ президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) АҚШ пен Қытай арасындағы жоғары деңгейдегі диалогты құптап, екі ел көшбасшыларының алдағы кездесуі келіспеушіліктерді реттеуге ықпал етуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Report-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы БҰҰ бас хатшысының орынбасары Фархан Хак АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытайға сапарына қатысты брифингте айтты.
«АҚШ пен Қытай сияқты екі ірі мемлекет арасындағы кез келген диалогты жоғары бағалаймыз және олардың келіспеушіліктерді шешу үшін мұндай мүмкіндіктерді пайдаланғанын қалаймыз», – деді ол.
АҚШ президенті Қытайға мемлекеттік сапармен барып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізуде. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық қатынастардағы қайшылықтарды және жаһандық күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
АҚШ әкімшілігі басшысының сапары 15 мамырға дейін жалғасады.