БҰҰ әлемде төтенше жағдай енгізуге шақырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Барлық елдер «климаттың төтенше жағдайын» жариялауы керек, ол атмосфераға парниктік газ шығарындылары нөлге дейін төмендегенше жалғасуы тиіс.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемнің барлық елдері «климаттың төтенше жағдайын» жариялауы керек деді. Ол бұл туралы 12 желтоқсанда Париж климаттық келісімінің бесінші жылдығына арналған онлайн-саммит кезінде айтты, деп хабарлайды «Радио Свабода».

БҰҰ Бас хатшысының пікірінше, жаһандық төтенше жағдай көміртектің бейтарап деңгейге жеткенінше және атмосфераға парниктік газ шығарындылары көрсеткіші нөлге дейін төмендегенше жалғасуы керек.

Саммитке 70-тен астам елдің көшбасшылары қатысты, олар жаһандық жылынуға қарсы күрестің жоспарын талқылады.

Германия канцлері Ангела Меркель климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күш-жігерді қолдауға 600 миллион доллардан астам қаражат бөлуге уәде беріп, «барлық мемлекеттер климатты қорғауға қажетті инвестицияларды қаржыландыруы керек» деп мәлімдеді, ал Қытай басшысы Си Цзиньпин өз елінің шығарындыларды 65 жылмен салыстырғанда 2030 жылға қарай 2005%-ға төмендететінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы