БҰҰ әлем елдерін көші-қонды бақылауға алуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерін мигранттар өлімін азайту үшін нақты шара қабылдауға шақырды. Бұл туралы Хабар24 хабарлады.

Себебі биылдың өзінде дүниежүзі бойынша 4 мыңнан астам босқын көз жұмған. Ал 2014 жылдан бері 45 мың 400 өлім дерегі тіркеліпті. 

Айта кетейік, Біріккен ұлттар ұйымының үндеуі жуырда Мексикада болған қайғылы жағдайға байланысты жасалды. Чьяпас штатында босқындар мінген жүк көлігі аударылып, 50-ден астам кісі қаза тапқан еді. 100-ге жуығы жарақат алды. Көбі Орталық Америка азаматы болған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы