БҰҰ: Африканың шығысын аштық жайлады
Африканы мекендейтін 22 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Басты себеп – қуаңшылық.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының өкілдері қазірден дабыл қағып жатыр. Жыл басынан бір үзім нанға мұқтаж жандардың қатары 9 миллион адамға толыққан. Жұт жайлаған аймақта мал қырылып, ауыз су жетіспей жатыр. Жүздеген тұрғын босып кетті. Сарапшылардың есебінше, алдағы 6 айда дағдарысты еңсеру үшін кемінде 418 миллион АҚШ доллары қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы