БҰҰ 2021 жылы қанша сәби дүниеге келетінін болжады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұтас әлем бойынша жылдың алғашқы күнінде ғана 370 мыңнан астам бала дүние есігін ашқан.
2021 жылдың алғашқы сәбиі Фиджиде туылған. Ал, жалпы жаңа жылдың алғашқы күнінде әлемде 371 504 бала дүниеге келді. Бұл туралы БҰҰ Twitter-де 3 қаңтарда хабарлады.
2021 жылы барлығы 140 млн бала туылады деп күтілуде. Олардың орташа өмір сүру ұзақтығы 84 жылды құрайды, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтардың 12:00 сағатына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында 32 бала дүние есігін ашты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Bitcoin тағы топ жарды
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы