Ақтөбе облысындағы жол апаты салдарынан бүтін бір отбасы жанып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қыркүйекте сағат 03.45-те «Самара-Шымкент» тасжолының 934 шақырымында Әйтеке би ауданы Белкопа елді мекеннің маңындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бүтін бір отбасы қаза болды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 қыркүйекте сағат 03.45-те «Самара-Шымкент» тасжолының 934 шақырымында Әйтеке би ауданы Белкопа елді мекеннің маңындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан бүтін бір отбасы қаза болды.
Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, Темір ауданының тұрғыны, Қарабұтақ ауылынан Ақтөбе қаласына келе жатқанда «Самара-Шымкент» тас жолының 934 шақырымында, жолдың қарсы бетіне шығып, қарсы келе жатқан «Опель-Вектра» автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік апатынан «Мазда» автокөлігіндегі газ баллон тұтанып, өртке оранған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Опель-Вектра» автокөлігінің жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді, онын жұбайы және баласы оқиға орнында көз жұмды. «Мазда-кронус» автокөлігінің жүргізушісі, онын жұбайы, баласы және немересі апат салдарынан көлік салонының ішінде өртеніп кетті», - делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануы кезінде, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан).
- ALTAI FEST: Полиция 50 мыңнан астам көрерменнің қауіпсіздігін қамтамасыз етті 07:14
- Creative Aimaq: Қостанай облысының креаторлары 4,4 млн теңгеден астам өнім сатты 06:35
- U23 Азия чемпионаты: Қазақстанның 12 боксшысы финалға шықты 05:18
- Бангкокта пабтағы өрттен 27 адам қаза тауып, 63 адам жарақат алды 04:27
- Ақтөбе – Хромтау тасжолындағы жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды 03:40
- Ақмола облысының үш ауданында құрғақ шөп өртенді 02:34
- Украинада Үкімет қайта жасақталады: Зеленский премьердің отставкасын жариялады 01:29