Бұрынғыша өмір сүруге болмайтынын көпшілік түсінді – Расул Жұмалы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиында жемқорлық, олигархия, көлеңкелі экономика, алып сатарлыққа қатысты мәселелерді айтып қана қоймай, оны тексеру амалдарын ұсынды. Бұл туралы қоғам қайраткері, саясаттанушы Расул Жұмалы Baq.kz тілшісіне пікір білдіру кезінде айтты.
Оның айтуынша, Президент бүгінгі жиында маңызды мәселелерді өктерді. Оның ішінде экономикалық түйткілдерді атап, оның алдын алуды айтқан.
Экономиканы көлеңкеден шығару, олигархтардың мүмкіндіктерін халықтың игілігіне жұмсау тұрғысында айтты. Оған қоса жемқорлыққа қатысты түрлі былықтарға тоқталды. Оның ішінде Қорғастағы Кеден қызметіндегі мәселені айтып өтті. Түрлі банктердің өз алдына мемлекет болып алып, қаржыны оңды-солды қарастырып отырғаны да айтылды, – деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы