Бұрынғы сотталушы тағы да есірткі саудасымен ұсталды
Түркістан облысының полициясы есірткі сатушыдан 20-дан астам марихуана орамасын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Түркістан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жетісай ауданының аумағында есірткі заттарын өткізу фактісін тәркіледі.
Тексеру кезінде күдіктіден құрамында өсімдік тектес есірткі заттары бар 24 орама табылды. Алынған заттың жалпы салмағы 1 келіден астам марихуананы құрады. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жедел іздестіру іс шарасы кезінде ұсталған айыпталушы бұдан алдын да есірткі сатқаны үшін сотталған болып шықты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда мопедшілер жол ережесін бұзып, тәртіпсіздік жасады
Өзгелердің жаңалығы