Бұрынғы қорғаныс министрі Арыстағы жарылысқа байланысты Қарулы күштер жүйесінен шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ, бірқатар лауазымды қызметкерге қатаң сөгіс жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы күштері жүйесінен шығарылды.
2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;
Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда жер үйдің сарайынан ер адамның денесі табылды
Өзгелердің жаңалығы