Бұрынғы премьер-министр отандық экономиканы дамытатын бірнеше бағытты атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР бұрынғы премьер-министрі, кәсіпкер Сергей Терещенко экономиканың жаңа стимулдары, индустриялық және постиндустриялық дамуы бойынша талдамалық зерттеу нәтижелеріне байланысты өз пікірін білдірді.

Менің заманымда елдегі болған басты мәселе ақша болды. Біз не істеу керектігін білдік, алайда оны жүзеге асыратын ақшамыз болмады. Коронавирус елімізді жаулады. Соған байланысты мұнай бағасы төмендеп, экономикамыз бірқатар дағдарысқа ұшырады. Көп нәрседен бас тартуға тура келеді. Жаңа бір оймен алға қадам басқанымыз жөн, - деді ол.

Сонымен қатар, Терещенко онлайн конференция барысында қазіргі таңдағы экономиканы дамытуға үлес қосатын бірнеше бағытты айтып өтті.

Бірінші бағыт - тамақ. Кеңес үкіметі неден құлады? Әрине, осы тамақтың болмау салдарынан күйреді. Ауыл шаруашылығында жоғары технологияларды қолдану шарт. Олардың қатарына Қазақстанда өздерін қалаған ірі ауыл шаруашылықтары Зенченко, Досмұханбетов, Терещенконы жатқызар едім. Сондықтан әрбір қазақстандық тамақпен қамтамасыз етілуі керек. Әр өнімнің өз әкелетін пайдасын ойлау қажетпіз. Мысалы, миллион тонна балдан 10 млрд доллар қазынаға пайда түсер еді. Тағы да дәнді-дақылдар арқылы 30 млрд доллар пайда әкелуге болады. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық аймағында өсетін жеміс-жидекті алуға болады. Бұл өнімдер 60 млрд доллар пайда түсіре алады, - деді Сергей Терещенко.

Кәсіпкер өзінің күнбағыс және рапс майын өндіретін зауытын ашқанын айтты.

2 млн тонна күнбағыс пен рапс майын өндіретін болсақ, бұл дегеніміз 2 млрд тонна қаражат әкеледі. Сонымен қатар, сарымсақ пен пиязды алсақ та 1,5 млрд доллар қаржы табуға болады. Біз оларды Францияға, Германияға, Польшаға саттық. Экспорттаушыларды сөзбен емес, іспен қолдаған дұрыс деп бекер айтпайды, - деді спикер. 

Сергей Терещенко тағы бір маңызды мәселе - адамдарды жұмыспен қамтуға тоқталды.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі - адамдардың жұмыссыз отыруы. 5 млнға жуық адам жұмыссыз.  Бұл дегеніміз қоғамда келеңсіздіктер туғызуы мүмкін. Сондықтан аз жалақы болса да, адамдар жұмыс жасау керек. Қазір жағдайға байланысты бір кісінің жұмыс орнына екі кісі алу қажет, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: дереккөз
Өзгелердің жаңалығы