Бұрынғы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрынғы Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың ұсталғаны туралы ҚР ҚМА баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады.

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды, - делінген таратылған ақпаратта.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы