Бұрынғы әділет министрі Қазақстанның Үндістандағы елшісі болып тағайындалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарлыққа сәйкес Нұрлан Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Ал Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.
Еске салсақ, Азамат Есқараев 2023 жылдан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін әділет министрі қызметін атқарды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АҚШ-Қытай сауда соғысы: Қазақстан қандай мүмкіндік алады
Келесі жаңалық
Барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы