Бұрын вакцина алған ел тұрғындарының 65%-ы ревакцинациядан өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ажар Ғиният мәлімдеді.
Мамыр айының соңынан бастап біз қайта ревакцинациялауды енгіздік. Бүгінгі күні халықтың 44%-ы, 260 мың адам қамтылды. Республика бойынша КВИ-ға қарсы бірінші ревакцинациямен егілуге тиісті халықтың 67,5%-дан астамын құрады. 4,9 млн адам қамтылды, тәулігіне 10 мыңнан астам адам егіледі. Инфекцияның ауыр түрлерінің және ауруханаға жатқызудың алдын алудың шарасы – бұл КВИ-ге қарсы вакцинация, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Айтуынша, вирус жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмағандар.
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында біз ауырған адамдардың 80%-ы егілмеген адамдар немесе 6 ай бұрын егілген адамдар екенін байқадық. Бұл тағы да КВИ-ға қарсы вакцинацияның қажет екенінің дәлелі. Қазіргі уақытта Қазақстанда халықты вакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі: КазВак, Синофарм, Пфайзер қолжетімді, қайта вакцинациялау және ревакцинациялау үшін – Казвак және Синофарм вакцинасы қолжетімді. Егу пункттерінде вакцинаның 1,6 миллион дозасы қалдығы бар. Ұжымдық иммунитет пен тұрақты эпидемиологиялық жағдайды ұстап тұру үшін бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцина алған тұрғындардың 65%-ы ревакцинацияланады, - деді Ажар Ғиният.
Белгілі болғандай, қазіргі таңда ересек тұрғындардың 80%-дан астамы немесе еліміздің барлық халқының 56%-дан астамы КВИ-ға қарсы вакцинация алған. Атап айтқанда, бірінші компонентпен 10,7 млн адам, екінші компонентпен – 10,4 млн адам қамтылған.