10 Шілде 2022 2022, 16:16
Бурят қызы Сурангуа домбыраның құлағында ойнайды
BAQ,KZ. Бурят ұлтының қызы М. Сурангуа ауылындағы досы Айнұрдан 8 ай ішінде домбыра ойнауды үйренген.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бурят ұлтының қызы М. Сурангуа ауылындағы досы Айнұрдан 8 ай ішінде домбыра ойнауды үйренген.
Монғолияның кішкентай дарындар шоуы бағдарламасына қатысқан М.Сурангуаның айтуынша, домбырада ойнауды аз ғана уақыттың ішінде үйреніп алған.
Домбыра үйренгеніме тоғыз ай болды. Қазірдің өзінде он шақты қазақ әуендерін ойнауды үйрендім. Маған домбырада ойнау қатты ұнайды. Жаңа әуендерді де үйреніп жатырмын, - дейді ол.