"Бұршақ жаууы мүмкін". Алдағы уақытта күн райы қалай құбылады

Қазақстан бойынша 2024 жылғы 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері жаңбыр мен найзағай күтілуде.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай ойнап, қатты жел күшейеді. 14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы