29 Тамыз 2025 2025, 23:30 Фото: istockphoto.com

Бұршақ, найзағай: елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 30 тамызда еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды.

Ертең, 30 тамызда еліміздің 18 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында – шаңды дауыл, қатты жел және өрттің төтенше қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан, Абай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні 25-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында түнде топырақ бетінде 2°С дейін аяз болжанады.

Маңғыстау облысында күндіз ауа температурасы +38...+40°С-қа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің айтуынша, аптап ыстық пен қатты желден бөлек, көптеген өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.