Бұршақ, дауыл: 16 облыста ескерту жарияланды
Ертең, 12 тамыз күні Астана мен 16 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Ертең, 12 тамыз күні Астана мен 16 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана – таңертең және күндіз қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, найзағай; жел екпіні 25 м/с дейін.
Жетісу облысы – таулы аймақтарда найзағай, кей жерде жел 28 м/с дейін, Талдықорғанда +35°С ыстық.
Атырау облысы – солтүстік-батыста қатты жаңбыр, дауыл, найзағай; оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Жамбыл облысы – кей өңірлерде жел 20 м/с, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы – орталық және шығыста түнде, таңертең шаңды дауыл, жел екпіні 28 м/с.
Ақтөбе облысы – солтүстік пен батыста найзағай, жел 18 м/с.
Түркістан облысы – күндіз +40°С қатты ыстық, төтенше өрт қаупі.
Батыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, дауыл; жел 20 м/с дейін.
Қарағанды облысы – найзағай, кей жерде жел 23 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Павлодар облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; жел екпіні 28 м/с дейін.
Ұлытау облысы – найзағай, дауыл, жел 28 м/с дейін.
Шығыс Қазақстан облысы – найзағай, бұршақ, түнде тұман.
Абай облысы – найзағай, бұршақ, жел екпіні 23 м/с.
Ақмола облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; жел 28 м/с дейін.
Қостанай облысы – түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ.
Солтүстік Қазақстан облысы – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; түнде және таңертең тұман.
Маңғыстау облысы – найзағай, дауыл; жел екпіні 23 м/с дейін.
"Қазгидромет" мамандары тұрғындарға ауа райы өзгерістеріне мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.