Бұрқасын, жел және көктайғақ: 29 қазанда бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29 қазандағы Қазақстан аумағындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн райы тұрақсыз болады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ, қар жауады, түнде батыста, орталықта, күндіз Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді деп болжанды, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп болжанды. Кей уақыттарда көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Көкшетау қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанды. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында желдің екпіні 18 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с болады.
Павлодар облысында көктайғақ болады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың басым бөлігінде тұман, көктайғақ болжанды. Облыстың солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында тұман, көктайғақ болады деп болжанды.
Күндіз Жетісу облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ болады.