17 Қараша 2022 2022, 00:12

Бұрқасын, көктайғақ, тұман: Еліміздің 6 өңірінде ескерту жарияланды

17 қарашада еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 қарашада еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Орал қаласында 17 қарашада көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні - 18 м/с.

Жетісу облысының  оңтүстігінде, шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында - 15-20 м/с, кей уақытта екпіні - 23-28 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстын жел соғады, түнде тау асуларында күші15-20 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 17 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Түркістан қаласында 17 қарашада түнде және таңертең кей уақытта тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтау қаласында 17 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.