Бұрқасын, көктайғақ: 11 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 қаңтарға арналған ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания мамандарының болжауынша, елдің басым бөлігінде бұрқасын мен көктайғақ күтіледі.

Петропавлда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с.

11 қаңтарда түнде Ақмола облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетауда түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 қаңтарда Павлодар облысының түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз областың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодарда түнде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

11 қаңтарда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Өскеменде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 17-22 м/с.

11 қаңтарда Абай облысының түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз орталығында 15-20 м/с.

Семейде түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 17-22 м/с.

11 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағандыда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11 қаңтарда Ұлытау облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазғанда күндіз бұрқасын күтіледі.

11 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ сақталады, тұман, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз күші 15-20, облыстың орталығында 25 м/с күтіледі.

Қызылордада жел батыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

11 қаңтарда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 18-23 м/с.

Алматыда күндіз тұман күтіледі.

Қонаевта жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз екпіні 18-23 м/с.

11 қаңтарда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Талдықорғанда түнде және танертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы