“Бурабайдың табиғатын ұнатқан”: Мәдиев Дуровтың Қазақстанға сапары туралы

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің мәлімдеуінше, Telegram платформасының негізін қалаушы Павел Дуров Қазақстанға үшінші рет келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің сөзінше, Дуров Астана мен Бурабай табиғатын ұнатқан.

Алдағы форумда Дуровтың сөз сөйлеуі жоспарланып отыр.

Дуровтың командасы өте шағын - барлығы 35 әзірлеуші. Бұл шағын құрам өнім қауіпсіздігі мен коммерциялық құпияны сақтауда үлкен артықшылық береді. Олар ай сайын өнімін жаңартып отырады, кейде одан да жиі, - деді министр.

Министр сонымен бірге, Дуров спортпен айналысып, қарапайым қажеттіліктері бар адам екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы