8 Маусым 2025 2025, 16:10
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бурабайдағы туристік маусым «Таза Қазақстан» акциясымен басталды
Акцияға «Astana jastary», «Жасыл ел» республикалық ұйымы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы қолдау көрсетті
Бурабай көлінің жағасында «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
100 жуық адам аумақты қоқыстан тазартып шықты. Шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жастар және отбасы істері Комитеті, Бурабай аудандық әкімдігінің қолдауымен, сондай-ақ Астана қаласының жастар саясаты сұрақтары бойынша басқармасының қатысуымен ұйымдастырылды.
Акцияға «Astana jastary», «Жасыл ел» республикалық ұйымы мен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы қолдау көрсетті.