Бурабайда төрт әйелдің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болған.

Сағат 00:00-де Бурабай АПБ кезекші бөліміне Бурабай кентінің тұрғынынан көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде кісі өлтіргені туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Жедел-тергеу тобы келген соң аталған пәтерден зорлық-зомбылық белгілері бар төрт әйелдің денесі табылды, - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған Бурабай кентінің 28 жастағы тұрғынын анықтады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы