Бурабайдағы өрт. Автоцистерналар мен өрт сөндіру мотопомпаларын пайдалану мүмкін емес
Таудағы орман өртін сөндірудің маңызды ерекшеліктері мен бірқатар қиындығы бар екенін атап өткен жөн, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таулардағы орман өрттерімен күресу үшін жер қазу және топырақ өңдеу техникасын қолдану шектелген, ал тасты топырақтарда оған мүлдем жол берілмейді.
Мұнда автоцистерналар мен өрт сөндіру мотопомпаларын пайдалану да мүмкін емес.
Сондықтан қазіргі уақытта жеке құрам өртті сөндіру үшін аспалы бүріккіштерді, сондай - ақ қол құралдарын - күректер, кетпендер және тырмаларды қолданады. Тұтанудың көлденең беткейден тік беткейге ауысуы кезінде жану жылдамдығы да артуы мүмкін, бұл өртті сөндірушілер үшін қауіпті, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Қазавиақұтқару тікұшағы да өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта Ақмола облысы ТЖД-ның 158 қызметкері және Бурабай МҰТП-ның 70 қызметкері өрт сөндіруге тартылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирдің финалына өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы