Бурабайдағы бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды

Бурабайдағы бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды. Қазір медициналық көмекке жүгінген 17 адамның тоғызы Көкшетаудағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақүйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан 40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ, – деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы