17 Тамыз 2026, 23:56 Фото: Скриншот

Бурабайда құтқарушылар жарақат алған туристі таудан түсірді

ТЖМ тауға шыққанда өз мүмкіндігіңізді бағалап, қауіпсіз бағыт таңдауға және жарақат алған жағдайда өз бетіңізше төмен түспеуге шақырады.

Ақмола облысының Бурабай ауданындағы Бөлектау тауында 1982 жылы туған ер адам аяғын жарақаттап, өздігінен төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына Ақмола облысының құтқарушылары мен ТЖМ-нің 55209 әскери бөлімінің қызметшілері жетті. Олар зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны 350 метр биіктіктен зембілмен қауіпсіз жерге түсірді.

Кейін турист жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ тауға шыққанда өз мүмкіндігіңізді бағалап, қауіпсіз бағыт таңдауға және жарақат алған жағдайда өз бетіңізше төмен түспеуге шақырады.