Бурабайда қоңыр күз

Бурабай - еліміздің ең танымал туристік жерлерінің бірі. Курортқа келушілер саны жыл сайын артып келеді. Әсіресе туристер көп келетін маусым – ол жаз айлары. Бірақ Бурабай курорттық аймағы қай мезгілде келсең де, ерекше әдемі.

BAQ.KZ тілшісінің кадрына ілінген Бурабайдың күзгі көрінісін назарларыңызға ұсынамыз.

Бурабай Астанада 257 шақырым жерде орналасқан.

Оған пойызбен, таксимен не болмаса өз көлігіңізбен жете аласыз. Жолға жеңіл көлікпен шамамен 3 сағаттай уақыт кетеді.

Бурабайдың ерекше түске боялған сәтін қыркүйек айының аяғы мен қазан айының ортасына дейін тамашалап үлгеруге болады.

Бурабайда күзде бірен-саран ғана туристі кездестіресіз.

Ауа райы қолайлы болса, тауға көтеріліп, әдемі көрініске сүйсініп демалуға болады.

Мысалы, Бөлектау шыңы. Оның биіктігі шамамен 147 метр. Оған көтерілуге 15-20 минуттай уақыт кетеді.

Оған көтерілген соң алдыңызда ең әдемі көрініс ашылады. Бөлектаудың биік нүктесінен Бурабай көлі, Оқжетпес және Жұмбақтастың үйлескен әдемі пейзажы көздің жауын алады.

Күзде туристік маусым қызып тұрмаса да, демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге барлық мүмкіндік бар.

Көлдің жағасымен жүріп, орманның ішінде табиғатпен сырласуға таптырмас кезең – ол күз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы