23 Ақпан 2025 2025, 14:13
Фото: Архив BAQ.KZ
Бурабайда өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды
Бурабай ауданындағы Бурабай ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар бөлмелердің бірінен 63 жастағы ер адамның жансыз денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бурабай ауданындағы Бурабай ауылында жеке тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар бөлмелердің бірінен 63 жастағы ер адамның денесін тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт шыққаны туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне келіп түскеннен кейін, құтқарушылар 25 минут ішінде оны оқшаулап, көп ұзамай толық сөндірген.
Өкінішке қарай, үйдегі адамды аман алып қалу мүмкін болмады, – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.
Қазір өртке қарсы зертхана мамандары оқиғаның себептерін анықтап жатыр. Қайғылы оқиғаның мән-жайы нақтыланады.