Бурабайда Орталық Азия және Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті
Бурабайда Орталық Азия және Әзербайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты. Кездесуге қатысушылар жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.