3 Қазан 2026, 23:43 Фото: ТЖМ телеграм каналы

Бурабайда монша өртенді

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Бүгін Бурабай ауданының Щучинск қаласында моншада өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған, – деп жазылған хабарламада.

ТЖМ азаматтарға электр сымдары мен электр жабдықтарының жай-күйін тұрақты түрде тексеріп, ақауларды уақтылы жоюды және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды ескертеді.