Бурабайда қайық аударылып, 5 адам суға батып кете жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Бурабай көлінде бес адам отырған қайық аударылып кетті.
Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Бүгін сағат 17:45-те Бурабай ауданындағы Бурабай көлінде ТЖД күшімен бес адам құтқарылып, жағаға жеткізілді, олар отырған шағын яхта жүзу кезінде аударылып кетті, - делінген Талғат Уәлидің мәлімдесінде.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Осы ретте ТЖМ дауыл кезінде көлде суға шомылуға және қайықпен жүзуге болмайтынын ескертеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар Жасыбайда еруледі
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы