Бурабайда катамаран мінген үш жігітті құтқарушылар жағаға алып шықты

Ақмола облысындағы су айдындарындағы құтқару операциялары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында балықшыны құтқарып, кейін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға Бурабай ауданының Кіші Шабақты көлінде орын алды. 1987 жылғы ер адам резеңке қайықпен балық аулау кезінде ескектерінің бірі сынып қалған. Құтқарушылар балықшыны құтқарып, «Құтқару кеудешесінің болмауы», «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» 412-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады.

Екінші жағдайда катамаранмен серуенге шыққан үш жас жігіт құтқарылды. Бурабай ауданындағы Бурабай көлінің жағасынан алыс жүзіп, жастар қатты желдің салдарынан алғашқы шыққан орындарына қайтып келе алмады. Ақмолалық құтқарушылар көмекке келіп, оларды жағаға алып шықты, аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері балалармен профилактикалық әңгіме өткізді, - деп жазды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы