Бурабайда ер адам тау шатқалынан құлап кетті
Төтенше жағдайлар қызметі Бурабайдың «телевышкасына» шығып, құлап кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1992 жылы туған жігіт тау шатқалына құлап, жарақат алған. Оны өздері шатқалдан алып шыға алмаған жедел жәрдем төтенше жағдайлар департаментіне телефон соғып, көмек сұраған.
«Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, аяғы жараланған 1992 жылғы ер адамды зембілдің көмегімен түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деп хабарлайды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы