Бурабайда автокөліктен басын шығарып видео түсірген қыз жазаланды
Бурабайдағы курорттар аумағында қозғалып келе жатқан көліктің ашық люгіндегі қыз жүргізушілердің ызасын тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сілтеме жасап.
Ақмолалалық полицейлер жол қозғалысы ережелерін екі рет бұзған астаналық қыз жауапкершілікке тартты.
Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына видеоны басқа жүргізуші жіберген. Бейнетіркегіш алда келе жатқан Chery Tiggo маркалы автокөліктің шатырындағы люктен жолаушы басын сұққанын тіркеген.
Патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктің иесін анықтап, сол күні құқық қорғау органдары 19 жастағы қызға ҚР ӘҚБтК 593-бабы бойынша қауіпсіздік белдіктерін тақпағаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы