Бурабайда 40-қа жуық отбасы қоныс тойын тойлады
Щучинск қаласының элиталық тұрғын үй кешеніндегі жайлы пәтерлерді халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9 отбасы алды. Жыл соңына дейін Бурабай ауданында барлығы 40 пәтер сатып алынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов тұрғындарға кілттерді тапсыра отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жаңа бағдарламаның арқасында тұрғын үймен қолда бар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік пайда болғанын атап өтті.
Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектердің және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы -тұрғын үйге кезекті айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша облыс бойынша 900-ге жуық пәтер сатып алынады. Басты міндет - тұрғындарымыздың жайлы жағдайда өмір сүруі, - деді Марат Ахметжанов.
Айта кетейік, Көкшетау, Қосшы қалаларында және Зеренді ауданында 200-ге жуық отбасы пәтер кілтін алды.
Көпбалалы ана Елена Кудаева тұрғын үйге кезекте 12 жыл тұрды. Оның айтуынша, жаңа пәтердің иесі болғанына әлі уақытта дейін сенбей отыр.
Бұл ең қуанышты күн. Бұл пәтер менікі екенін әлі түсінбей отырмын. Менімен бірге 8 бала тұрады. Бізге пәтер өте ұнады, ол керемет жөнделген және 3 метрлік төбелері бар. Осы бағдарлама үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын, - деді Е. Кудаева.
Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында кадр тапшылығын азайту, сондай-ақ Бурабай ауданында жұмыс істеу үшін арнайы мамандарды тарту мақсатында дәрігерлер үшін 45 пәтерлік үй салынды.
Бүгін тағы да 30 медицина қызметкері - жалпы практика дәрігерлері, эндоскопист, анестезиолог-реаниматолог, хирург, кардиолог, балалар консультациясының дәрігерлері мен педиатрлары қызметтік баспана алды.