Бурабайда 17 жастағы жасөспірім жоқ үйді "жалға берген"

Бурабайда 17 жастағы жасөспірім жоқ үйді жалға берген. Полиция алаяқтық фактісі бойынша іс қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қостанай облысы ПД Киберқылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады.

Ол Бурабайда үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялап, сенгіш азаматтардан алдын ала төлем алған.

Полиция мәліметінше, ол хабарландыру сайттары арқылы әрекет еткен. 

Бір жағдайдың өзінде жәбірленуші "броньдау" үшін 60 мың теңге аударған, алайда кейін ол байланысқа шықпай қойған. Жүргізілген жедел іс-шара барысында хабарландыру жарияланып, хат алмасу жүргізілген телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Жасөспірімнің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, - деп хабарлады Қостанай оьблысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін алаяқтар қатерлі ісікпен ауырған адамның атына несие рәсімдегенін жаздық.

Сондай-ақ, жалған құжат жасатқан мемлекеттік қызметшінің ісі әшкере болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы