Бурабай ТМД-дағы танымал емдеу-сауықтыру орындарының үштігіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Туризм саласындағы жаңалықтар порталы ТурСтат ТМД көлемінде емдеу-сауықтырумен айналысатын орындардың рейтингін ұсынды, деп хабарлады Қазақпарат.  

Рейтингіге сәйкес, Беларусь, Қазақстан және Әзербайжандағы демалыс орындары ТМД бойынша емдеу мен сауықтыруға арналған танымал шипажайлардың көшін бастап тұр. Емдеу-сауықтыру орындарының ішінде үздік бестікке Беларусьтағы Нарочь өзеніндегі курорт, Қазақстандағы Бурабай курорты, Әзербайжандағы Нафталан курорты, сондай-ақ Армениядағы Джермук пен Қарғызстандағы Ыстықкөл курорттары енді.

Аталған демалыс орындарында тұру, тамақтану және емделу үшін тәулігіне 3 мың рубль (17 мың 52 теңге) жұмсалады екен. Рейтинг ТМД көлеміндегі емдеу-сауықтыру орындарының танымалдылығына жүрізілген талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша жасалды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы