Бұқтырмаға теплоход батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда жолаушылар теплоходы суға батып кетті. Оқыс оқиға Бұқтырма су қоймасында жағалаудан үш шақырым қашықтықта болған.
Бұл туралы Хабар24 жазды.
Желдің екпіні секундына 20 метрге жетіп, салдарынан кеме аударылып қалған.
Куәгерлердің айтуынша, адамдар аман-есен. 21 жолаушы мен үш экипаж мүшесі жақын маңдағы демалыс орындарынан келген қайықтармен эвакуацияланды.
Теплоход жекеге тиесілі көрінеді. Кеме иесі демалушыларды курортты аймаққа тасымалдаған. Оқыс жайттың мән-жайын құтқарушылар мен тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде жаңа лауазым пайда болды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы