29 Қыркүйек 2024 2024, 21:46
Фото: видеодан кадр
Бұқтырма су қоймасында 4 балықшы құтқарылды
ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Белгілі болғандай, қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.
ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген ведомство хабарласында.
ТЖМ судағы қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады:
- Қайықта құтқару күртешесін кию;
- Қатты жел кезінде суға шықпау;
- Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажет.