Бұқаралық спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді – Тамара Дүйсенова

Бұл туралы Тамара Дүйсенова Туризм және спорт министрлігінің 2023-2024 жылға қойылған негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тамара Дүйсенова дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының талаптарын ескере отырып, бұқаралық дене шынықтыруды, оқу-жаттығу процесін ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді талап ететінін айтты.

Бұқаралық спортты дамытуға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбейді. Мәселен, 2023 жылы бұқаралық спортқа жұмсалған қаржы өңірлердің бюджет қаражатының жалпы көлемінің небәрі 0,061% болды. Сонымен қатар қаражатты бөлуде бұрмаланулар бар. Жоғары жетістіктер спортына жұмсалатын қаржы көлемі – 97,2 % болса, бұқаралық спортқа жұмсалатын шығыстар небәрі 2,8%. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, бұқаралық спортты дамытудың тиімді құралы мектеп жасынан егде жасқа дейінгі спорт лигаларын дамыту, оның ішінде жарыс алдында тікелей спорт командаларын құрудан тұрақты жұмыс істейтін командаларға көшу жолымен дамыту, - деді Премьер-министрдің орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы