Бұқар Жырау көшесі – Қабанбай батыр қиылысы уақытша жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Бұқар Жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ астана әкімдігінің ресми сілтеме жасар хабарлайды.

Осыған байланысты осы жылдың 21 маусымы сағат 06:00-ден 22 маусым сағат 7:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады (оның ішінде Бұқар Жырау көшесі-Қабанбай батыр даңғылы қиылысы).

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы