Букмекерлік кеңселерді толықтай көшіретін заң қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларын арнайы аймаққа ауыстыру туралы заң жобасы қабылданды.
Бүгін "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобасын қарау барысында депутаттар жаңа ойын аймақтарын ашу туралы нормаларды алып тастау бойынша ұсыныс енгізді. Сонымен бірге заң жобасына депутаттар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассаларын Алматы облысының Қапшағай су қоймасының жағалауындағы және Ақмола облысының Бурабай ауданындағы екі ойын аймағына ауыстыру туралы түзетулер енгізді. Осыған байланысты енді букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары елдімекендерден аталған ойын аймақтарына көшіріледі. Сонымен қатар, депутаттар жақын туыстарының өтініштері бойынша соттың құмар ойындардың және бәс тігуді теріс пайдаланатын адамдарды әрекет қабілет шектелуі деп танитын ұсыныс енгізді. Яғни отбасы мүшелері мен жақын туыстары өз жақындарын зиянды әрекеттен шектеу құқығына ие бола алады. Сондай-ақ заң жобасында сот актісі ҚР аумағында қызметі заңсыз деп таныған ойын бизнесін шетелдік ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтерді көрсету бойынша тыйым салуға түзетулер енгізді, - дейді депутат Сәкен Өтебаев.
Жалпы, заң жобасы құмар ойындар саласындағы заңнаманы жетілдіруге және бәске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, сондай-ақ букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың қызметін бақылаудың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, заң жобасында букмекерлік орталықты құру, жеке тұлғалардың құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына өзін-өзі шектеу, сонымен қатар спорттық іс-шараларға қабылданған бәс тігулерді шектеу қарастырылған.
Заң жобасына Сенатқа жіберілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жекеменшік мектептердің үлесі 75%-ға артты - Аймағамбетов
Өзгелердің жаңалығы