Бүлік шығару күнә саналады – имам
Нұр-сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүлік шығару күнә саналады. Елімізде болған лаңкестік тәртіпсіздікке қатысты Шығыс Қазақстан облысының иманы Ермек Мұқатай осындай пікір білдірді.
Елімізде қиын жағдайды басынан өткеріп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, мұны дінімізде құптамайды. Дініміз бейбіт шеруге рұқсат бергеннің өзінде лаңкестікке және біреуге тіл тигізуді сондай-ақ біреудің мүлкін бұзуды құптамайды. Діни басқармамыздың осыған қатысты діни үкімін шығарды. Онда оның қаншалықты дұрыс еместігі нақты айтылды. Қазіргі таңда біз Президентіміздің барлық саяси шешіміне, реформаларына қолдау көрсетуге тиіспіз. Еліміздегі тәртіптің орнауына атсалысып, бойұсынумыз қажет, - деді имам.
Сонымен қатар өңір имамының сөзінше, дәл қазіргі уақытты бұқара халық сабырлық сақтауы керек.
Әр адам мұндай уақытта сабырлық танытқан жөн. Пайғамбарымыз с.с.а айтқан «бүлік шығару адам өлтіруден де қиын» деген. Бүлік – ол жерде жатқан күл. Күлді басқан адам жан-жағын былғайды. Сол сияқты лаңкестікпен айналысу күнә болып саналады, - дейді Ермек Мұқатай.