Бүлік кезінде Алматыдағы Ұлттық кітапханаға да шабуыл жасалған

Алматы, BAQ.KZ. Аталған мекеменің баспасөз қызметі Кітапханаға қандай зақым келгені туралы баяндады.

Күні кеше ғана Алматы қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қорына ешқандай залал келтірілмегенін және қызметкерлердің зардап шекпегенін хабарлаймыз. Алайда, кітапхана ғимараты ішінде Халық банкінің банкоматы орналасқандықтан, содырлардың назарын сол банкомат өзіне аударды. Олар кітапхана ғимаратының кіре-беріс тобына шабуыл жасап, есіктерді бұзып-кіріп, банкоматты талқандады, – делінген хабараламада.

Сондай-ақ, кіре берістегі автоматты жылжымалы есіктер жиынтығы қиратылып, бейнебақылау мен бейнетіркеу жүйесі, келу-шығуды бақылау жүйесі блогын істен шығарған. Ең бастысы, рухани байлығымыз, рухани мұраларымыз  – кітап қоры аман қалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы