Бульбар синдромына шалдыққан балаға гастростома қойылды

Медициналық сақтандыру қорына жүгінгеннен кейін балаға МӘМС жүйесінде ота арқылы төмен бейінді гастростома орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына МӘМС жүйесіне, медициналық көмектің сапасына қатысты өзекті мәселелермен азаматтар жиі жүгінеді. Келіп түскен өтініштер мен шағымдар – пациенттердің құқықтарын қорғау ерекше бақылауда.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына әлеуметтік желі арқылы С. атты азаматшадан оның баласына медициналық көмек көрсетуге қатысты құқықтарын қорғауға өтініш түсті.

Сырқат баланың анасымен әңгімелесу кезінде ол баласының ерекше күтімді қажет ететінін, кез-келген ана сияқты баласының жасалатын отаны жеңіл өткеруін қалайтынын айтты. Ол сырқат пен оны емдеу жолдары туралы ақпаратты өз бетінше іздестіреді, "Гастростомамен өмір сүру" чатына қосылады, сол жерде басқа аналар оған "балаға төмен профильді гастростома қоректік түтік қойдыруға" кеңес береді. 

Ота тегін екенін білдім, бірақ гастростома қоректендіру түтігінің төмен профильді түрі болмағандықтан, оны өзім сатып алуым керек екен. Неге?, – деп сұрады баланың анасы.

ӘМСҚ елорда филиалының өкілдері олар (баласы мен анасы) тіркелген емхана бөлімшесінің меңгерушісімен және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының хирургия бөлімшесімен байланысқа шықты. Жағдайды талдау кезінде пациентке невропатолог, гастроэнтеролог, хирург мамандары кеңес бергені анықталды. Бульбар синдромына байланысты гастростома қою ұсынылады. МӘМС жүйесінде дәстүрлі әдіспен (лапаротомия, гастростомия) гастростома қою ұсынылған. Алайда баланың анасы гастростоман дәстүрлі әдіспен қойдырудан бас тартқан.

Аталған жағдайды шешу үшін, ӘМСҚ елорда филиалының өкілдері UMC КҚ-на медициналық бұйым құнын "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығының 119-тармағына сәйкес өтеуді ұсынды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының жәрдемдесуінің нәтижесінде, мәселе шешімін тапты: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының хирургия бөлімінде балақанға төмен профильді гастростома қоректендіру түтігін орнатты.

Гастростома толыққанды жұмыс істеп тұр, бала біртіндеп салмақ қосуда, шағымдар жоқ, дәрігерлер бақылауында, - дейді №15 емхананың бөлім меңгерушісі Айнұр Дәулетқызы.

Науқас баланың анасы ӘМСҚ елорда филиалының өкілдеріне алғысын білдірді.

Менің қызыма төмен профильді гастростома қоректік түтігін орнату отасын жасауға көмектескендердің барлығына рахмет. ӘМСҚ елорда филиалының өкілдеріне мәселені нәтижелі шешкені үшін алғысымды білдіремін. Ота жасаған дәрігер-хирург Рүстемов Дастан Зейноллаұлына жеңіл қолымен сәтті ота жасағаны үшін үлкен рахмет. Қызымның жағдайы жақсарды. Баршаңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін тағы да шын жүректен алғыс айтамын!, – деп алғысын білдірді баланыңанасы.

Естеріңізге саламыз, 2023 жылғы 1 маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ұсынады. Медициналық қызмет тұтынушылар күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек ала алады, сондай-ақ өтініш бере алады немесе медициналық көмектің сапасына шағым қалдыра алады. Бұл шара Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы