"Бұл жеткілісіз". Үкімет басшысы қандай азық-түлік бағасы қымбаттағанын айтты

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Үкімет пен Ұлттық банк инфлцияны қанша пайызға төмен ұстап тұру керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет пен Ұлттық банктің алдында тұрған өте маңызды міндет – инфляциялық қысымды төмендету мәселесіне аударғым келеді. Екі айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Биыл Үкімет пен Ұлттық Банктің алдында оны 8 пайыздан төмен ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігін көрсетеді, - деді Премьер-министр.

Бектенов өңірлер арасында инфляцияның ең көп өсуі Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында тіркеліп отырғанын айтады.

Жалпы еліміздің экономикасы жыл басынан бері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайыз өсімді көрсетіп отыр.
Нақты секторда орнықты өсу тіркелді. Барлық негізгі макрокөрсеткіштер Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Абай облыстары мен Астана қаласында өсті. Ең төмен көрсеткіштер Маңғыстау, Атырау, Ақмола облыстары мен Алматы қаласында байқалып отыр.Қазіргі таңда өсу қарқыны сақталып отыр, дегенмен динамиканы арттыра түсу қажет. Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақтылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс, - дейді Премьер министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы