Бұл түркология ғылымына ғана емес, әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық - Қарин

Қазақ ғалымдары Дархан Қыдырәлі, Нәпіл Базылхан, Нұрболат Бөгенбаев моңғолиялық әріптестерімен бірлесіп Құтлық Елтеріс қағанның кешені мен жазуын тапқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Номгон» бірлескен экспедициясын Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты бірлесіп жүргізген болатын. 

Мамандар Номгон кешенін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта жаңғыртушы Құтлық Елтеріс қағанға арналған деген тұжырым жасап отыр. Сонымен қатар табылған бітіктас «түрк» атауы алғаш рет кездесетін ең көне түркі дәуірінің жазба ескерткіші екенін мәлім етті.

Бұл түркология ғылымына ғана емес, әлемдік ғылымға қосылған тың жаңалық, зор үлес. Бүгін Дархан Қыдырәлімен хабарласып, қазақ ғалымдарының тарихи табысымен құттықтап, қуанышқа ортақтастық. Ол жуық арада баспасөз мәслихатын өткізіп, бітіктастағы жазулардың сырын ашып, жалпы жұртқа жариялайтындарын айтты. Осылайша, отандық ғалымдар көне заманның көмбесін тауып, оны әлемдік айналымға енгізбек, - деп жазды Мемлекеттік хатшы Ерлан қарин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы